Өңірлер

Ақтөбеде 14 млрд теңгенің 6492 мүлкі жария етілді

Мүлікті жария ету Заңының 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін созылуына байланысты комиссия құжаттарды қабылдау және қарау жөніндегі жұмысын жүргізуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе25 Ақпан , 10:16

Қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы Айгүл Баймашованың 2016 жылдың 22 ақпанындағы ақпаратына сәйкес комиссияға 4110 арыз келіп түсті, оның ішінде саябақша үйлерін, жеке тұрғын үйлерді, қосымша құрылыстарды және де коммерциялық обьектілерді жария ету бойынша.

Келіп түскен арыздардың ішінде, жалпы 4091 арыз қаралды, 943 арыз түзету үшін қайтарылды, 3144 арыз бойынша объектілер комиссияда қаралып, жария етілді, ал 4 арыз бойынша жария етуден бас тартылды, 19 арыз қаралуда. 14 млрд теңгеге 6492 мүлік жария етілді.

 




Яндекс.Метрика