Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық басталды. Ол 2016 жылғы 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтеді.
Казахстан24 Ақпан , 20:09

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің айтуынша, айлық аясында республика бойынша МСАК ұйымдарында фтизаиатрлар мен өзге де мамандарды шақырту арқылы ашық есік күндерін өткізу; медициналық қызметкерлер үшін туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау жөнінде оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру; денсаулық мектептерінде иммунитетті нығайту мен микроағзаларға деген тұрақтылықты арттыру мақсатында қауіптің мінез-құлық факторларының алдын алу, физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтануды насихаттау жұмыстары жалғастырылатын болады. 

Дәрігерлерге уақытында қаралу туберкулезді емдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары туберкулезден болатын аурулар мен өлім-жітім көрсеткіші төмендеді.

ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығының алдын ала мәліметтерінше, 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 11,9%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 66,4-тен 58,5-ға дейін), ал өлім -  22,4%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 4,9-дан 3,8-ге дейін).

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні жыл сайын 24 наурызда атап өтіледі.




Яндекс.Метрика