Парламент

Ю.Кучинская: Парламенттік сайлау тартымды әрі нәтижелі болуы керек

Бұл сайлау тартымды әрі нәтижелі болуы керек. Себебі саяси партиялар азаматтардың қабылдауына қаншалықты дайын екендерін көрсетеді. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Демократия институты» ҒЗҚ директоры Юлия Кучинская.
Астана қаласы24 Ақпан , 11:34

«ҚР Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы қоғамның бүгінгі құрылымына жауап беруі керек. Қазақстан 20 жыл бұрын  және бүгінгі  Қазақстан – әр түрлі қоғамдық орта. Бүгінде біздің қоғам әр түрлі, әртараптандырылған, пікірлер алуандығы көп. Парламент әр түрлі жас пен этникалық топтардың қызығушылықтарын қорғау тиіс», - деді Ю.Кучинская.

Сарапшы айтып өткендей, Мәжілістің жаңа құрамы қоғамдағы өзгертулерді қабылдап, бейімделуге дайын болуы керек.

«Кез келген реформаны адамдардың үлесінсіз өткізу қиынға соғады. Бүгін сондай жағдай болып отыр, сайлаушылармен жұмыс форматын өзгерту қажет. Мен сайлаудан сайлауға дейін қоғамның өсетінін әркез айтып жүремін. Ол білімді, талапшыл болып келеді. Бұл сайлау тартымды әрі нәтижелі болуы керек», - деді Ю.Кучинская.

Айта кетейік, 20 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауы өтеді.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика