Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада ШОБ субъектілерінің саны 99,2 мыңға дейін артты

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет ететін ШОБ субъектілерінің саны 99,2 мыңға дейін артқан, деді қала әкімі Әділбек Жақсыбеков халық алдында есеп беруінде.
Астана қаласы24 Ақпан , 11:49

2010 жылдан осы күнге дейін «БЖК-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,7 млрд. теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы құны 12,1 млрд. теңгенің 67 жобасы мақұлданды.

 Қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орынды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл елордада шағын бизнесті дамытуға қосымша серпін бермек.

Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналды. 2015 жылы 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, жоғары кәсіби кадрлар жұмыс істейді, елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6% дейін төмендеді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

Жұмыссыз жүргендер ретінде 1895 адам тіркелген. Бұл ретте тіркелген бос орындар саны - 2315 .

Елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына инновациялар белсенді түрде енгізілуде. Астанада білім, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік жүйесі салаларында «ақылды қала» пилоттық жобалары, сондай-ақ, қаланың тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі - ТКҚЖ жүзеге асырылуда. ТКҚЖ мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қаладағы жағдайға нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу болып табылады.

 

 




Яндекс.Метрика