EXPO-2017

Д.Назарбаева: ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады (ФОТО)

ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады, деп ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева көрменің халықаралық қатысушылардың екінші кездесуінде айтып өтті.
Астана қаласы 24 Ақпан, 10:29

«ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады және ол энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді. Қазақстан әлемдік трендтен алшақтамайды және экономиканы «жасыл» негізге өзгертуде»,-деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, 2015 жылы қуаттылығы шамамен 120 МВТ болатын 14 жаңартылатын энергия жобалары енгізілді. Жалпы алғанда, өткен жыл ішінде, жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі шамамен 700 млн кВт / сағ құрады.

«Н.Назарбаевтың бастамасы – жаһандық энергетикалық стратегиясы мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына БҰҰ-ның конференциясымен қолдау көрсетілді. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын және 2020 жылға дейінгі тиісті шаралар жоспарын қабылдадық. Елімізде «жасыл» экономика бойынша Кеңес орнатылды»,- деді Д.Назарбаева.

Айта кететін жайт, осы уақытқа дейін Астанада өтетін 2017 жылғы көрмеге әлемнің 75 мемлекеті ресми түрде өз келісімдерін берді және қатысулары бойынша 28 келісім-шартқа қол қойылды.  Аталмыш жиналыс аясында қосымша келісім-шарттарға қол қойылады.

«2015 жылдың 5 қараша айында Парижге Президент Н.Назарбаевтың барған сапары аясында көрменің Халықаралық бюросымен халықаралық қатысушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімшартқа қол қойылды. А.ж. 18 ақпа айында аталмыш келісімшартты ратификациялау бойынша тиісті заң қабылданды.   Біз Халықаралық көрмелер бюросының ынтымақтастығына үлкен мән береміз»,-деді Д.Назарбаева.

Айта кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың халықаралық жиналысы өтіп жатыр.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика