Өңірлер

Ақмола облысында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жартылай дайын өнім шығаратын цех ашылды

Ақмола облысы Сандықтау ауданына қарасты Балкашино ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жартылай дайын өнім шығаратын цех ашылды, деп хабарлады Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола25 Ақпан , 09:43

2014 жылы кәсіпкер Біләл Омаров «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы 3 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, Балкашино ауылынан қуаттылығы тәулігіне 200 келі болатын жартылай дайын өнім шығаратын цехты ашты. Онда 6 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат ретінде сиыр еті мен құс еті пайдаланылады.

Өткен жылы өз қаражатына жаңа құрал-жабдықтар мен қондырғылар алып, цехтың ауқымын кеңейтті және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кәсіпкердің жұмысын жақсартып, өнім көлемін арттыруға септігін тигізді.

Б.Омаров алдағы уақытта өнім көлемін тәулігіне 600 келіге дейін арттыруды көздеп отыр. Цехтан шығарылған дайын өнім тек сол ауданға ғана емес, облысқа және Астана қаласының нарығына шығарылады.

Кәсіпкер жақында ғана «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы 3 адамды қамтитын әлеуметтік жұмыс орынын құруға тапсырыс берді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика