Инновациялар

Астана мен Алматы әуежайларында электрондық отырғызу талоны енгізіледі

2016 жылдың соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында тексеруден өткені туралы белгі қоюдың баламалы әдісі - электрондық отырғызу талоны енгізіледі, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Ақпан , 10:52

Қазіргі уақытта ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті электрондық отырғызу талонын енгізу үшін жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау саласындағы нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бастама көтерді. Осы және басқа да мәселелер комитет төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаевтың  Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы филиалы және «AirAstana» әуекомпаниясы өкілдерімен кездесуде талқыланды.

Аталған әдіс қажетті авиациялық қауіпсіздік деңгейін сақтауға, интернет арқылы тіркеліп, бірақ рейске келмей қалған жолаушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде рейстердің жолаушыларды күтіп, кешігу жағдайларын азайтады.




Яндекс.Метрика