Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚР ӘТК басшылығы корабльдерді жаңғырту мүмкіндігін талқылады

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов Орал қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 24 Ақпан, 10:17

Оның барысында «Зенит» зауытына барып, қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін қарастырды. 

 «Әскери-теңіз күштері жалпы алғанда, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне ерекше көңіл бөледі. Жаңа қару-жарақты жеткізу мен сатып алу немесе ескіні жаңғырту туралы сөз болғанда онда бірінші кезекте біз қазақстандық кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктерін қарастырамыз», - деді ол.

Соңғы жылдары қазақстандық кәсіпорындармен жұмыс жасау тәжірибесі оларға күрделі жұмыс қиындық туғызбайтынын көрсетті.  Оралға баруымның басты міндеттерімнің бірі ол кәсіпорындарымыздың әрі қарайғы мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. ҚР ҚК ӘТК басшылығы «Зенит» оралдық зауыты,  MBDA компаниясы және ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы басшылығының өкілдерімен үш жақты кездесуді өткізді.

«5 жылдан аса қызмет атқарған, яғни, отандық кәсіпорында салынған  корабльдеріміздің жаңғырту мүмкіндіктері, әрі қарай жаңғырту мүмкіндіктері және анағұрлым заманауи қару-жарақ түрін орнату мәселесі қаралды. Біз екі негізгі мәселені талқыладық. Бірінші – француз өндірісінің корабльге қарсы зымыранымен кораблімізді жаңғырту мүмкіндігі. Екінші – отандық кәсіпорында француз компаниясының технологиясын қодана отырып, жағалық зымыран кешендерін құру мүмкіндігі», - деп ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы атап өтті.

MBDA француз компаниясы корабльге қарсы зымырандарды шығаруда әлемдік көшбасшы болып табылады.   Әлем елдерінің 40-50 %  осы компаниямен өндірілген корабльге қарсы зымырандармен жабдықталған жарақтандыруында заманауи корабльдері бар.





Яндекс.Метрика