Адами капитал

А.Айымбетов жұмыс сапарымен Қостанай облысының ұйымдарын аралады

Қостанай облысына әлемдегі 545-ші ғарышкер – авиация полковнигі Айдын Айымбетов сапармен келді. Ол облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесті.
Қостанай 24 Ақпан, 09:58

Қазақстандық ғарышкер, Қазақстан Халық Қаһарманы, Қазақстан ӘӘҚ полковнигі, ал қаңтар айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану вице-президенті Айдын Айымбетовтің міндеті аса жауапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапарында ғарышкер Қостанай облысының  әкімі А.Мұхамбетовпен кездесті. Жерді қашықтықтан барлап қарау ғарыштық жүйесін және жоғары дәлдікті навигация спутнигі жүйесін пайдаланатын өзінің компаниясының жұмысы туралы ғана әңгімелеп қоймай, сонымен қатар заманауи ғарыштық технологиялар өңірдің және жалпы елдің барлық аумағын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мүмкіндігін таныстырып көрсетті.

Толығырақ нақты түсіну үшін ғарышкер интерактивті тақтада алғашқы қазақстандық KazEOSat-1 спутнигімен кеңістікті 1 метрге дейін ұлғайтумен Астананың үстінен түсірілген аса жоғары сапалы түсірілімдерді көрсетті.

 Айдын Айымбетовтың айтуынша, ғарыштық түсірілімдерді қолдану ауқымы жан-жақты. Облыстық ТЖ қызметкерлері үшін су тасқыны жағдайын қадағалауға, орман өрттерінің тууы мен тарауын бақылауға себебін тигізетін ғарыштық мониторингтің үстемділігі өзекті болып келеді. Қысқаша айтқанда, ғарыштық технологиялар – табиғи апаттардың алдын алу, елдің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін нығайту мүмкіндігі.

Қазіргі таңда Қазкосмос басшылығы маған жаңа ғарыштық технологиялармен, қазақстандық ғарыштық жүйелері өнімінің алға басуымен байланысты өте маңызды жұмыс учаскесін сеніп тапсырды, және мен бұл тапсырманы міндетті түрде орындаймын, - деп сөзін жалғастырды ұшқыш-ғарышкер А. Айымбетов.





Дерекнама

Яндекс.Метрика