Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Мәңгілік ел» пойызының дәрігерлері 2,6 мыңнан астам емделушіге медициналық және кеңестік көмек көрсетті (ФОТО)

Сегіз күн ішінде «Мәңгілік ел» пойызының қызметкерлері Қазақстанның екі облысында 2,5 мыңнан астам азаматтарға медициналық және кеңестік-диагностикалық көмек көрсетті, деп пойыз жетекшісі Әміржан Әлпейісов хабарлады.
Казахстан 23 Ақпан, 20:27

«Бізбен бірге пойызда 34 дәрігер бар. Олар республикалық клиниканың жетекші мамандары, тәжірибелі, ғылыми, жоғары дәрижелі мамандар.  Әсіресе сұранысқа ие мамандар - онкология, кардиология және педиатриялық неврология. Барлығы сегіз күн ішінде Қарағанды және Шығы Қаақстан облыстарында 2638 азаматтарға медициналық және кеңестік-диагностикалық көмек көрсетілді»,-деп Ә.Әлпейісов айтып өтті.

Оның айтуы бойынша, медицина қызметіндегі мамандар жергілікті дәрігерлермен кездесіп, жаңа жабдықтарды дұрыс қолдану туралы кеңес айтып, диагностикалық ауруларда көмек көрсетті.  

Бігін «Мәңгілік ел» пойызы Ақсу қаласына келіп тоқтады. Бірінші бекетте Павлодар облысы. Пойыз дәрігерлері  өздерінің тәжірибелік жұмыстарын Ақсудың орталық ауруханасынан бастады.

«Бұрындары ол ешкімге тәуелді заңды тұлғалар болды. 2012 жылдан бастап біз біріктік және ол қаржылық жағынан оң әсер етті, сонымен қатар қымет көрсету жағы да жақсарды»,-деді аурухана директоры Мақсат Мұқашев. 





Яндекс.Метрика