Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Құрманова: Мәжілістегі сайлау Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыруға ықпал етеді

Мәжілістегі сайлау Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыруға ықпал етеді, деді «Қазақстанның заңгерлер одағы» РАҰ аппаратының жетекшісі Дариға Құрманова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 23 Ақпан, 18:21

«Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауы аса қажеттіліктен туындап отыр. Ол саяси және экономикалық тараптан көзделген шешім. Заңгер ретінде бізге Парламентте жаңа ойлау өрісі бар адамдар пайда болады деген үміт бар. ҚР ОСК кеңестерінде Қазақстанның заңгерлер одағының атынан қатыса отырып, айтатыным ОСК БАҚ пен саяси партияларға өткізетін түсіндіру семинарлары өте орынды», - деді ол.

Сарапшы атап өткендей, үгіт –насихат жұмыстары басталып кетті.

«Біз сайлау заңнамасының заңнамасын сақтау бойынша мониторинг өткізбекпіз», - деді Д.Құрманова.

Заңгер атап өткендей, Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауы Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ұлт жоспары  «100 нақты қадам» мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне өтудің белгісі. Институционалдық реформаның сәтті орындалуы заң үстемдігінің қамтамасыз етілуіне байланысты. Ұлт көшбасшысының «100 нақты қадам» бойынша тапсырмасы мемлекеттік дамуды жан-жақты қамтиды. Соның ішінде заң шығарушы органдар да бар. Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттіліктен туындап отыр. Заңның үстемдік құруы бұл абстрактілі және көзделген масатты толық түсіндіреді. Екінші институционалдық реформа  сот жүйесіне қатысты. Бұл сот инстанциясын қысқартады, халықтың тікелей әділсотқа жүгінуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, судьяларды іріктеуді жетілдіреді, біліктілігін жоғарылату талабын күшейтіп, судьялардың жауапкершілігін арттырады»,-деді Д.Құрманова

Ботагөз Айтжанова

Сурет автордікі 





Яндекс.Метрика