Адами капитал

2015 жылы 4,4 мыңнан астам мүгедек азаматтар «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты

2015 жылы 4,4 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») арқылы жұмысқа орналасты, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан23 Ақпан , 19:54

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 құрылған жұмыс орындарына 154 мүгедек адам орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 348 мүмкіндігі шектеулі адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микрокредит алды, оның ішінде 199 адам алғаш рет өз істерін ашып, кәсіпкер болды.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) кәсіби оқумен 200 азамат қамтамасыз етіліп, оның 144-і жұмысқа орналастырылды.  Сондай-ақ, 2015 жылы үшінші бағыт бойынша экономикалық өсім орталықтарына 36 мүгедек адам отбасыларымен көшірілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасының аясында 865 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, 2 мың 859 мүгедек адам мемлекеттің қолдау шараларынсыз бос орындар базасындағы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.  

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 24 қарашада Елбасы мүгедектерге арналған жұмыс орындары квотасын ұйымның жалпы жұмысшылар санынан 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерде белгілеу нормалары енгізілген «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.  

Бұл ретте мүгедектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілер шығындарын республикалық бюджет есебінен субсидиялау арқылы тиісті жабдықталған жұмыс орындары құрылатын болады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика