Энергетика

Биыл 77 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр – Энергетика министрлігі

Қазақстан биыл 77 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты.
Астана қаласы23 Ақпан , 17:13

«Биыл 77 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз, оның бір баррелі 40 доллар шамасында болмақ. Алайда нарықта баға төмендеп жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан мұнай өндіру көлемін 3 миллион тоннаға азайтуымыз мүмкін. Егер мұнайдың бір баррелі 30 доллардан төмен болса, онда 74 миллион тоннамен шектелуге тура келеді», - дейді Ә.Мағауов.+

Вице-министр сондай-ақ алдағы егін науқаны кезінде дизель отынының бағасы 80 теңге көлемінде болатынын айтып отыр.

«Өткен жылы егістікке 300 мың тонна дизель отыны қажет болған еді. Біздің министрлік барлық шығынды есептеп қойды. Дизель отынының бір литрін 80 теңгеден жөнелтуді көздеп отырмыз. Жеткізу шығынын қосқанда әр литрі 85 теңгеден аспайтын болады», – дейді ол.

 

 

 




Яндекс.Метрика