Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Иран көлік және логистика саласында серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілді

Ақпанның 21-22 күндері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин бастаған делегациясы Иранда жұмыс сапарымен болды.
Әлемде23 Ақпан , 19:07

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, А. Мамин Тегеранда бірқатар көлік саласы компаниялары мен мекеме жетекшілерімен  екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстанның «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы халықаралық көліктік коммуникациялық ағын мен «Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізді» құрудағы мультимодальдық көлік дәлізін жасау жолында  Иран портының әлеуетін барынша тиімді пайдалану барысын жетілдіру туралы «SocialSecurityInvestmentCompany»  (SHASTA) компаниясының бас директоры Сейед Мухаммад Реза Аятоллахимен пікір алмасты. Іскерлік кездесулер кезінде Бендер Аббас портындағы терминал кешенін бірлесіп салу мәселесін, Түркменстан мен Иран шекарасына жақын жердегі Инчебурун станциясы маңынан құрғақ порт тәртібімен терминалдың құрылыс нысандарын салу туралы мәселе талқыланды.

Бұл терминалдар жобалары Парсы шығанағы порттарына баратын экспорттық және транзиттік жүк ағындарын шоғырландыруда логистикалық тізбекті жасақтайды.

Жұмыс сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «Raja Rail TransportationCo.» компаниясының бас директоры Хасан Мусавинеджадпен  Patentes Talgo S. A компаниясының президенті Карлос Паласио Ориольмен бірге  кездесуінде  қазақстандық  «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарының 200-ін Иранның жолаушылар көлігін дамыту бағдарламасы бойынша  жеткізу жайын ақылдасты.

Мемлекет астанасында  А. Мамин Иран Ислам республикасы темір жолының бас директоры Мохсен Пур Сейед Агаимен кездесуінде 2016 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы жүк тасымалы көлемін 2,5 миллион тоннаға жеткізу жайын ойласты.

Тараптар мемлекеттер арасындағы тасымалдау үдерісін одан әрі жітілдіріп, дамыта түсу үшін, 2016 жылы Қазақстан- Түркменстан- Иран жаңа темір жол желісіне қолайлы тарифтік жеңілдіктер орнатуға  келісті.

Тасымалдауды барынша дамыту мақсатында қосымша жүк ағындарын тартып, бірлескен түрде инфрақұрылымын және логистикасын жақсартып, қолайлы тарифтік жеңілдіктер жасау керектігі ортаға салынды.

Қытай мен Иран арасындағы контейнерлік пойызды тұрақты түрде жүргізу жайы келісілді. Тараптар осы елдер қатынасындағы тұңғыш рет Қытайдан (Иву.қ) Иранға (Тегеран. қ) дейінгі ұйымдастырылған контейнерлік пойыз қызметінің табысты болғандығын атап өтті. Бағдардың ұзақтығы 9 мың шақырымға жеткізіліп, оны 14 тәулікте (теңіз арқылы 30 күн) теңізге қарағанда екі есеге аз мерзімде жеткізілді.

Кездесулерде ресейлік экспорттық әлеуетті Иранға белсенді тартуда Өзен- Берекет-Гөрган темір жол желісін пайдалану жайы қаралды. Тұрақты сауда ағынын қамтамасы ету мақсатында оның ішінде, Ираннан азық түлік өнімдерін  Қазақстан мен Ресейге экспорттау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның рефирижаторлық контейнерлік паркін қолдану туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ машина жасауды дамыту болашағы талқыланып, Иран темір жолына 150 Эволюшн сериясындағы локомотив,  70 жолаушылар пойыздары электрововоздарын, 200 «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын, 5 мың жүк вагондарын және рельстер мен бағыттауыш бұрмалар  жеткізу мәселесі қозғалды.

Осындай бірқатар келісімдер нәтижесіне сәйкес, тиісті Хаттамаларға қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика