Басқару

2016 жылы бір баррель үшін 30 доллар төмен баға болған жағдайда мұнай өндіру 74 миллион тонна болады – ҚР ЭМ

2016 жылы бір баррель үшін 30 доллар төмен баға болған жағдайда Қазақстанда мұнай өндіру 74 миллион тонна деңгейінде қарастырылуы мүмкін, яғни бұл өндірістің құлдырауын айтады. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы23 Ақпан , 16:18

«Осы жолы бір баррельдің бағасы 40 доллар болған жағдайда мұнай өндіруді 77 млн тонна болады деп жоспарлануда. Біздің ойымызша, баға әлі де төмендейді,  әрі қарай бұрғылау және күрделі жөндеу бойынша төмендейді. Егер бір баррель үшін 30 доллардан төмен баға болса, онда өнім 74 тонна деңгейінде қарастырылуы мүмкін.  Жер қойнауын пайдаланушылар өзінің қаржылық әлеуетін ескере отырып осындай шешім қабылдауда»,-деді Ә.Мағауов.

Сондай-ақ, вице-министр БАҚ-та пайда болған МЭЕҰ елдері мен Ресейге жоспарланған белгілі бір деңгейде өнімді мұздату мәселесі бойынша ақпаратқа түсініктеме берді.

МЭЕҰ мен Ресей Федерациясы арасында ағымдағы жылдың қаңтар айындағы деңгейде  өнімді мұздату туралы келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, МЭЕҰ мен РФ кірген елдер өткен жылдар бойы өндіріс көлемін прогрессивті өсірді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика