Ұлт жоспары 100 нақты қадам

М.Нұртазин: Ұлт жоспарының орындалуы әрбір азаматтың ойлануы мен менталитетіне байланысты

Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарының орындалуы тек қабылданған заңдар мен оның іске асыруға ғана емес, әрбір азаматтың ойлануы мен менталитетіне де байланысты. Бұл туралы «Нұр Отан» саяси қоғамдық институтының сарапшысы Мирлан Нұртазин Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы23 Ақпан , 16:00

«Бұрын-соңды болмаған дәл осындай экономикалық және қаржы дағдарысына әлем елдерінің алаңдап отырғаны белгілі болды.  1929-1933 жылдардағы АҚШ-қа да қатты әсер еткен тарихи күйреу кезеңін немен салыстыруға болады. Бүгінгі және сол кездегі тарихи кезеңдерді салыстырмалы түрде қарастырып көрейін. Ол кездегі дағдарыстың салдарынан АҚШ банктерінің әрбір бесіншісі жұмыстарын тоқтатты, әрбір үшінші адам жұмыстан босатылды, өндірістік кәсіпорындар құлдырады. 1933 жылдың көтемінде дағдарыс шарықтау шегіне жетті. Сол сәтте АҚШ президент болып Франклин Делано Рузвельт келді. Рузвельттің үкіметпен бірлесе дағдарысқа қарсы жасаған бағдарламасы  «Жаңа бағытқа» деп аталды»,-деп түсіндіріп өтті ол.

Сарапшы атап өткендей, Қазақстан да 2015 жылдың екінші жартысында барлық саланы қамтитын әлеуметтік-экономикалық және саяси ауқымды заң жобаларын қабылдады. 

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге аса бастаған Ұлт жоспары еліміздің азаматтарын бағдарландыруға арналған өзекті де және дәл уақытында қолға алынған үлкен жоба. Осы арқылы жаһандық күрделілікке қарамастан біз алға қойған жоспарларымызды іске асыра аламыз, тіпті еліміздің болашағының жарқын боларына сеніммен қараймыз. Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарының орындалуы тек қабылданған заңдар мен оның іске асыруға ғана емес, әрбір азаматтың ойлануы мен менталитетіне де байланысты»,-деп қорытындылады сөзін сарапшы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика