Мультимедиа

ИНФОГРАФИКА: «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

14 желтоқсанда, жаңа «Астана Опера» опера және балет театрында өткен салтанатты жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жария етті.
Казахстан 16 Желтоксан, 00:00

Жаңа Стратегияның басты мақсаты ретінде Мемлекет басшысы Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену міндетін атап өтті.

Елбасының қазақстандықтар алдына қойған алдыңғы қатарлы мақсаттары келесідей:

1. Қуатты да табысты мемлекет

2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен  татулығы

4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат

6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз

8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар

Сонымен қатар Президент ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерін атап өтті:

1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі





Дерекнама

Яндекс.Метрика