Өңірлер

ҚР ЭМ: Егін салу науқанында дизель отынының бір литірі 80 теңге болуы мүмкін

ҚР Энергетика министрлігі егін салу жұмыстары кезінде дизель отынының бір литр бағасын 80 теңге болады деп болжауда. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы23 Ақпан , 15:49

Өткен жылдың қорытындысына орай алдағы егін салу жұмысына 300 мың тоннадан астам жанармай керек. ҚР ЭМ есептеу жүргізді, яғни бір литірді 80 теңгеден сатуға болады»,-деді Ә.Мағауов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні егін салу жұмысына жұмылдырылатын ЖЖМ-нің бағасына естептеу жұмыстары жүргізілуде.  

«Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан сұрақ болды. Шалғай аудандарда көліктің болуына орай олардың бағасы көп болуы ықтимал. Аталмыш есептер бойынша саралау жүргізу тапсырмасы берілді. Ол қолайлы шешім қабылдау үшін жасалуда. Алдағы жұмада бағаны анықтаймыз»,-деді А.Мағауов.




Дерекнама

Яндекс.Метрика