Басқару

А.Қадырбаева: Халықаралық кеңестің мақсаты – алғашқы халықаралық стандартты енгізу

Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңестің мақсаты – алғашқы халықаралық стандартты енгізу, деді Жоғарғы сот мамандандырылған сот колегиясының төрағасы Айгүл Қадырбаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Астана қаласы23 Ақпан , 15:26

«2015 жыл  елдің сот жүйесі үшін «Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» міндеттерін орындаумен аяқталды. 25-ші қадамды жүзеге асыру аясында Жоғарғы сот жанынан Халықаралық кеңес құрылды.  Кеңеске 12 мүше енеді. Кеңестің құрамына таңдау кезінде үміткерлердің беделі мен заң-ғылым саласы мен  тәжірибелік қызметі ескерілді. Кеңестің басты мақсаты – алғашқы халықаралық стандарттарды енгізу», - деді А.Қадырбаева.

Айта кетейік, Астанада Жоғарғы сот басшысы Қайран Мәмидің  төрағалығымен ҚР Жоғарғы соты жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Күн тәртібінде инвестициялық даулар мен жаңа Этикалық кодекстің тәртіптері мен әдістері   талқыланды.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика