«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Швеция елшісі: «Нұрлы жол» бағдарламасы ел инфрақұрылымын қайта құру үшін мүмкіндік ұсынып отыр

Эксклюзив
«Нұрлы жол» бағдарламасы ел инфрақұрылымын қайта құру үшін мүмкіндіктер ұсынып отыр. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ҚР-дағы Швецияның Төтенше және Өкілетті елшісі Кристиан Камилл мәлімдеді.
Астана қаласы 23 Ақпан, 15:37

«Меніңше, аталмыш «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Стратегия-2050» үш елдің компаниясына мүмкіндіктер ұсынып отыр – Швеция, Норвегия, Финляндия  - олар Қазақстанның инфрақұрылымын қайта реформалауға септігін тигізеді», - деді елші.

К.Камилл атап өткендей, шетелдік компаниялар «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуына қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама ел экономикасындағы реформалар мен әлеуметтік тұрғын үйдің жетіспеушілігін түсіруге бағытталған.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика