Үкімет

Е.Досаев: Үкімет экономиканы дамыту үшін Ұлттық қордан қосымша трансферттер сұрастырмайды

ҚР Үкіметі экономиканы дамыту үшін ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттер сұрастырмайды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев журналистреге айтты.
Астана қаласы23 Ақпан , 15:19

«Үкіметпен экономиканы дамыту үшін қосымша трансферттер сұрастырмаймыз деген шешім қабылдадық. Бүгінгі күні осы саясатты орындайтын боламыз. Сондай-ақ, біз бекіткен кепілдендірілген трансферттер аясында бүгінгі күні заңға сәйкес қосымша транферттердің 15 пайыздық қосу/алуын қолдануға мүмкіндік бар және болды. Алайда, бұдан да біз бас тарттық. Яғни бүгін 360 теңге көлемінде 8 млрд долларды құрайды.  Қосымша заттар болмайды сақталуға жұмыс істейтін болады»,-деді министр.

Министр өз сөзінде Ұлттық қордың қаражаты тиісті мақсаттар бойынша жұмсалатындығын баса айтып өтті.

«Бүгін біз Қазақстанда энергия бағасы және негізгі экспорттық материалдар өте төмен бағамен болған кезеңде тұрмыз. Осыған орай, және алдағы қолданылған шараларға орай, Ұлттық қордың қаражаты тиісті мақсаттар бойынша жұмсалатындығын айтқым келеді»,-деді Е.Досаев.




Яндекс.Метрика