Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылар Миссиясының басшысын қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі Миссиясының басшысы Борис Фрлецті қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз-қызметі.
Астана қаласы23 Ақпан , 15:03

Б.Фрлец Сенат төрағасына 11 сарапшы мен 28 ұзақмерзімді бақылаушыдан тұратын Миссия қызметімен таныстырды. Сайлау қарсаңында ЕҚЫҰ тағы 400 қысқа мерзімді бақылаушы келеді деп жоспарланған.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, ЕҚЫҰ бақылаушыларының осындай үлкен құрамда сайлау процессіне қатысуы, Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сенат спикері Қазақстанның барлық Ұлттық заңнамалар мен халықаралық талаптарға сай ашық және әділетті сайлау өткізетініне ешқандай күмән жоқ екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның жан-жақты дамуы үшін Президент Н.Назарбаев бекіткен 5 институционалдық реформаны сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика