Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2015 жылы Ырғыз ауданында 295 жұмыс орны ашылды – әкім

2015 жылы Ырғыз ауданында 295 жұмыс орны ашылды, 454 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейрхан Дуанбеков «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығындағы брифингте айтты.
Ақтөбе23 Ақпан , 16:57

Аудан әкімінің айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 150 адам жұмысқа орналасты. Бүгінгі таңда аудандағы жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрап отыр.

Жұмыссыздық деңгейінің көтеріліп кетпеуі мақсатында аудан басшылығы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, қазіргі таңда ауданда 530 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Онда 1200 адам жұмыс істейді.

«Жыл басынан бері тіркелген ШОБ субъекті 3,1 пайызға өсті. Жеке кәсіпке баса назар аударылып отыр. Оның табыс көзі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы. Қазір шаруа қожаларына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп тұрады. Бүгінгі таңда 20 отбасы  мал қоректендіру бойынша өздерінің шағын орталықтарын ашуды жоспарлап отыр», - деді М.Дуанбеков.

 

 




Яндекс.Метрика