Инвестициялар

2015 жылы Ырғыз ауданының дамуына 5,3 млрд теңге инвестицияланды

2015 жылы Ырғыз ауданының дамуына 5,3 млрд теңге инвестицияланды. Бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейрхан Дуанбеков «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығындағы баспасөз конференциясында айтты.
Ақтөбе23 Ақпан , 20:09

Ырғыз ауданының негізгі капиталына 2015 жылы 5,3 млрд теңге түсті, ол 2014 жылмен салыстырғанда 144,7 пайызға жоғары.

Әкімнің айтуынша, бюджеттік инвестицияның өсуіне «Шетіргез – Ырғыз» газ құбырының құрылысы әсер етті. Оның жалпы құны 6,1 млрд теңгеден асып жығылды. Қазіргі таңда ауданда газбен қамтылған  бірде бір жергілікті пункт жоқ. Аталмыш бағдарламаның нәтижесінде 2016 жылы көк түтін пайда болады. Бірінші болып Ырғыз аудандық орталығы қамтылады.

800 млн теңгеге жуық қаржы Жайсаңбай мен құйлыс ауылдары нысандарын су құбырларымен қамтуға бағытталды. Қорытындысында сумен аудан тұрғындарының 76 пайызы қамтылды. 2020 жылға дейін халық 100 пайыз сумен қамтылмақ.




Яндекс.Метрика