Парламент

Сенат комитетінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы23 Ақпан , 14:29

Келісімнің мақсаты мемлекеттік шекараларды қорғау, шекара маңындағы аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту, тараптардың құзыретті органдарының мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларында құқыққа қайшы әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесудегі күш-жігерді үйлестіру болып табылады.

Келісімде құзыретті органдар айқындалды, құзыретті органдар басшыларының не олардың орынбасарларының отырыстар, сондай-ақ жұмыс кездесулерін өткізу мәселелері көрініс тапқан. Тараптар мынадай бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады: келісілген шекаралық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру, ақпарат алмасу, құзыретті органдардың кадрларын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Қызметтің өзге бағыттары қатысушылардың өзара мүдделері сақталған және тараптардың ұлттық заңнамасына қайшы келмеген жағдайда мүмкін болады. Сонымен қатар ақпарат алмасу шеңберінде тараптардың құзыретті органдарының басшылары мен сарапшыларының кездесулері өткізілетінін атап өткен орынды. Бұл ретте алмасу барысында алынған ақпарат оны берген құзыретті органның жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа берілмейді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика