Халықаралық интеграция

Г.Мархулия: Астаналық форум ТМД және Шығыс Еуропадағы ірі экономикалық форум болып табылады

Эксклюзив
Астаналық секілді форум пікір алмасу және мәміле жасау жұмыстарында айрбас іргетасы болып табылады. Әлбетте, экономикалық субъект нарық және дамыған елдермен қалыптасса, онда дамыған елдер де ортақ өркендеуді іске асыру мақсатында теңдік жағдайда ашық қарым-қатынас жасау үшін осындай іргетасты қолдану керек. Бұл жөнінде Кавказдық халықаралық геотарих пен геосаясатты зерттеу орталығының президенті, Сухуми мемлекеттік университетінің профессоры Гурам Мархулия (Грузия) Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып өтті.
Әлемде 23 Ақпан, 14:47

«Қазіргі күні барлықтарынызға экономика субъектілерінде тенденцияның күрт көтерілуін қалыптастыру нарығынан қайтымсыз екендігі белгілі. Осыған қарамастан аталмыш субъектілер халықаралық қарым-қатынас тұрғысынан танымал бастамаларды алуда үлкен бастама көрсетуде, соның бірі форумда. Ол жерде барынша ашық және демократиялық ортада өз пікірін білдіруге талпыныс жасауда және басқа да елдердің пікірлерін тындайды. Осындай қарым-қатынаста Астаналық форум жыл сайын ерекше орын алуда. Айта кететін жайт, кейбір тақырыптағы сабақтас және көп талқыланатын мәселелер екі форумда да айтылады.  Бірінші кезекте, бұл жаһандық экономикалық басқару құрылымдарын реформалауға белсендірек қатысуға дамуші елдер үшін үндеу, яғни  өз ұстанымдарын әзірлеу және білдіруге құқықтарын алуға, сондай-ақ басқа елдермен бірге жаһандық экономикалық ыққа қарсы тұруға септігін тигізеді»,-деді профессор.

Оның айтуынша, Астана экономикалық форумы әр түрлі елдер арасындағы көпжақты және көп деңгейлі әріптестікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл жаһандық нарық кезінде орын алып жатқан дағдарыс кезінде өте маңызды.  

«Өздерініз білетіндей, Астаналық форум 2008 жылдан бастап ТМД және Шығыс Еуропадағы ірі экономикалық форум болып табылады. Осы уақыт аралығында қазақстан қаржылық дағдарысты артқа қалдырды және нарықта қалыптасту үшін әлемдік эконоимикалық аренага кірді. Астана форумы дамушы нарықтардың экономикалық субъектілері мен дамушы елдердің қарқынды дамуының куәсі болды. Сонымен бірге, осы субъектілерді дамыту аясында форум тартымды күш пен серпілісті көрсетеді. Астаналық секілді форум пікір алмасу және мәміле жасау жұмыстарында айрбас іргетасы болып табылады»,-деді сарапшы.

Данияр Қасымов

Жеке мұрағаттан алынған сурет





Яндекс.Метрика