Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қытайға ет экспорттауды жоспарлап отыр

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қытайға ет экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Ақтөбе23 Ақпан , 18:36

2015 жылдың қорытындысы бойынша Ырғыз ауданындағы жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 7,5 млрд. теңгені құраған.  

М.Дуанбековтың айтуынша, «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» сияқты мемлекеттік және салалық бағдарламалардың аясында мал шаруашылығын дамыту үшін 1 300 мүйізді ірі қара сатылып алынды. Аудан асыл тұқымды мал басын көбейтуге мән береді. Айталық, өңірде 219 бас асыл тұқымды ақбас бұқа мен 6,5 мың бас төлдейтін ірі қара бар. Сонымен қатар, 100 асыл тұқымды ақбас бұқа қоғамдық табынға пайдаланылады.

««Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында 2015 жылы «Наурыз-СИМ» кәсіпорынында 3 мың ірі қараны бордақылау алаңы пайдалануға берілді.  122 млн. теңгенің жобасы 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.  Енді Ресейден бөлек Қытайға да ет экспорттайтын боламыз»,-дейді М.Дуанбеков.

Сонымен қатар, ауданды жергілікті жеміс-жидекпен қамтамасыз ету 60 %-ды құрап отыр. Биыл жергілікті билік көкөніс пен бақша өнімдерінің егу алаңдарын 67-ден 239 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика