Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Мәңгілік ел» пойызының мамандары 8 күн ішінде 7 мың қазақстандыққа кеңес берді

«Мәңгілік ел» республикалық акциясының мамандары 8 күн ішінде 7 мың қазақстандыққа кеңес берді.
Казахстан23 Ақпан , 18:52

«Бірінші жұмада біз Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарын араладық. Мамандар 7055 адамды әр түрлі сұрақтар бойынша  қарады. Делегация құрамында барлық министрлік өкілдері, ҚХА өкілдері, «Даму» қоры мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгро» холдингінің өкілдері бар. Барлық әлеуметтік тақырыптар қозғалды», - деді «Мәңгілік ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісов.

Оның айтуынша, делегация құрамының 70 пайызы сапарда өзгереді. Ә.Әлпейісов атап өткендей, консультацияда көтерілген барлық мәселелер Астанада жоғары дәрежеде шешілуі керек.

Барлық министрліктердің 100-ге тарта маманы тұрғындарды қабылдап, кеңес бермек. Денсаулық сақтау саласынан 30-дан астам өкіл бар. Кешкісін қалалық мәдениет үйінде гала концерт өтпек. Естеріңзге сала кетсек, «Мәңгілік ел» пойызы Қазақстан бойынша сапарын 15-ақпанда бастады.

 Акцияға қатысушылар 34 елді-мекенде болады деп жоспарланған. Пойыз 74 станса арқылы өтпек. Семей – пойыз тоқтаған сегізінші аялдама. Келесі бағыт- Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалалары. Одан кейін Қостанай облысы мен батыс өңірлерге бармақ. Пойыз  18-наурыз күні Алматыда соңғы бекетке аядайтын болады.   




Дерекнама

Яндекс.Метрика