Ұлттың денсаулығы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жүлдегерлеріне естелік сыйлық табыстады (ФОТО)

Қазақстандық юниорлар, Лиллехаммерде өткен Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысып, бүгін түнде Қазақтанға оралды. Таңертен олар ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті.
Астана қаласы 23 Ақпан, 14:03

«Қазақстандықтардың Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында үлкен жетістікке қол жеткізгені қуантарлық жайт. Біздің спортшылардың бойында алға деген ұмтылыс күші сезіледі. Осыған орай спортшылар мен сіздердің жаттықтырушыларыңызға жасап жатқан еңбектеріңіз үшін мың алғыс айтамын»,-деді министр.

Сонымен қатар, министр жас спортшылардың 2017 жылы Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиадада және келесі ересектер арасындағы Олимпиадаларда  жақсы нәтиже көрсететіндіктеріне сенімін білдірді.

Сөз сөйлегеннен кейін министр жаттықтырушылар құрамы мен Олимпиада женімпаздарына алғыс хат, естелік сыйлық пен смартфондар табыстады.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстанның құрама командасы төрт медальді қанжығаларына байлады: бір күміс және үш қола. Бірінші қола медальді 6 шақырымдық спорт дистанциясында биотлон түрінен Арина Пантова алды. Екінші қола медальді 16 жастағы мәнерлеп сырғанаушы спорт түрінен Элизабет Турсынбаева алды. Күміс медальді аралас командалар ішінде конькимен жүгіру спорт түрінен Анвар Махамадеев алды. Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күнінде аралас команда арсында шорт-трек спорт түрінен Анита Нагай команданың қанжығасына медальді әкелді.

 Фото: Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика