Үкімет

Е.Досаев: БЖЗҚ портфелі әртараптандырылуы керек

БЖЗҚ портфелі әртараптандырылған болуы керек, деді деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкіметте.
Астана қаласы23 Ақпан , 13:54

«Ұлттық банк осыған дейінгі  тәжірибесінен жаңа әдістерге ие болды. Мәселен, банктердің қазіргі жағдайын ескерсек, олар БЖЗҚ алдында міндеттерді орындауға мүдделі болып отыр. Бұл жаңа тәртіптер есепті болып келеді, оған барлық банктер қатыспайды, Ұлттық банк тәртіптеріне сай келетін банктер ғана қатысады», - деді ол.

Оның айтуынша, әдістер мен тәртіптер бекітілді, алдағы уақытта Ұлттық банк ол туралы жариялайды. Алайда, басты мәселе БЖЗҚ атынан түскен төлем  «шындығында дұрыс болды».

Сондай-ақ, министр инфляция деңгейі туралы да айтып өтті.«Инфляция, Ұлттық банктің болжамы бойынша, бұрынғы дәлізде қалады. Ол 6-8% дәліз болмақ. Өнеркәсіп салаларына қатысты мәселелер болады, әрине, сәйкесінше бізде тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі бойынша төмендеу шамамен 5% болмақ. Ал, өңдеу өнеркәсібінде шамамен 1,4%», - деді ҚР ҰЭМ басшысы тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығында 3,5%-ға өсу күтілуде. 

«Бұл болжамды қарау кезінде бектілген негізгі параметрлер. Және, сәйкесінше 2016 жылға республикалық бюджет параметрлері өзгертіледі», - деп түйіндеді Е.Досаев. 

 

 

 




Яндекс.Метрика