Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Маңғыстау облысында асфальт-бетоны мен эмульсия битумы өндіріле бастайды (ФОТО)

Маңғыстау облысында шағылтасты мастикалық асфальт-бетон мен эмульсия битумы өндіріле бастады, деп хабарлады әкімдік.
Маңғыстау 23 Ақпан, 17:42

Айта кетейік, биыл «КаспийТасЖол» ЖШС-гі өндіріс көлемін ұлғайтып, кесек және ұсақ түйіршекті асфальт-бетон мен  қара шағылдан басқа шағылтасты мастикалық асфальт-бетон мен эмульсия битумын өндіруді қолға алмақ. 

Эмульсия битумы технологиялық құрамы жағынан алғанда үнемді және жұмыс жүргізгенде қауіпсіздігі жоғары болады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға аса қауіпті емес. 
«Біз эмульсия битумын өндіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда үш маман оқытылып жатыр. Италиядан алынған құрал-жабдықтар монтаждалып қойылды. Шағылтасты мастикалық асфальт-бетонды өндіруге қажет басқа да керек-жарақтар дайындалды. Олар жолдың сапасына айтарлықтай септігін тигізеді»,-деді «КаспийТасЖол» ЖШС-і өндіріс учаскесінің басшысы Асқар Елешов.

Еске сала кетейік, асфальт-бетон шығаратын «КаспийТасЖол» ЖШС-і 2014 жылы «Морпорт Ақтау» арнайы экономикалық аймағының территориясында өндіріс қуатын бастаған болатын. Екі жыл бұрын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысқан. Сол арқылы мемлекеттен төмен пайыздық субсидия алды. Банк арқылы алынған 160 млн. теңге қаржы заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика