Үкімет

Үкіметте 2025 жылға дейінгі ел дамуының жаңа стратегиялық жоспарын әзірлеу ұсынылды

Үкімет Мемлекет басшысына 2025 жылға дейінгі ел дамуының жаңа стратегиялық жоспарын әзірлеу туралы бастама айтты. Ол жерде жаңа тенденция мен Қазақстанның экономикасының дамуының жаңа бағыттары көрсетілетін болады. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев журналистерге айтты.
Астана қаласы23 Ақпан , 13:02

«Үкімет Елбасыға бастама айтты және Президент оны қолдады - 2025 жылға дейінгі ел дамуының жаңа стратегиялық жоспарын әзірлейтін боламыз. Жұмыс шамамен жылдың ортасында аяқталады. Ол жерде барлық жаңа тенденциялар мен Қазақстан экономикасының дамуының жаңа бағыттары көрсетіледі»,-деді Е.Досаев.

Минстрдің айтуынша, қазақстандық экономика дамудың жаңа шындығы мен жаңа кезеңіне кіруде. Үкіметте, Ұлттық банкте орта мерзімді және ұзақ мерзімді саясатты жаңартуда.

«Болжам бойынша әлемдік экономиканың дамуы шикізат бағасымен байланысты және ол консерваторлы, торығушылықта болады деп ойлаймын. Өйткені, алдағы 5 жылға дейін әлем экономикасы өзгертулерге ұшырайды»,-деді министр.

Сондай-ақ, Е.Досаевтың айтуынша наурыз айының ортасында индустриялық-инновациялық  дамумемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы аяқталады.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша наурыз айының ортасында индустриялық-инновациялық  даму мемлекеттік бағдарламасының іске асыру аяқталады. Ол жерде қатаң тақырыптарды анықтаймыз және назарға бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы экономиканың тұтас әртараптандыруын қамтамасыз ете аламыз»,-деді Е.Досаев.




Дерекнама

Яндекс.Метрика