Өңірлер

«Айбалта – 2016» оқу-жаттығуына тартылған әскери авиация шабуыл әуейлағына орналасты (ФОТО)

Маңдайшептік авиацияның ұшақтары алғаш рет кеше басталған «Айбалта – 2016» ірі ауқымды оқу-жаттығуы шеңберінде Шымкент және Талдықорған әуейлақтарынан Үшарал айлағына шаба жөнеліп орналасты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 23 Ақпан, 17:28

 Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Су-25 шабуылдағыштары, МиГ-27 бомбалаушы-жойғыштарының экипаждары Семей қаласының маңындағы полигонда авиациялық соққы жасап, әрі қарай өзге шабуыл әуеайлағына  Аягөзге отырғызылады. 

 «Шабуыл әуеайлақтары ұшақтарды жауынгерлік жиынтығын толтыру және толық құю, сондай-ақ авиацияның іс-әрекетінің қашықтығын ұлғайту мақсатында аз уақытта тұрақтау үшін арналған. Мұның барлығы ұшу құрамынан таңсық әуеайлаққа  отырғызуға ұшу құрамынан мұқият дайындықты, ал инженерлік-техникалық құрамнан қысқартылған құрамда ұшақтардың сапалы даярлығын қажет етеді», - деп ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.

 Авиация үшін аталмыш оқу-жаттығудың ерекшелігі оның төмен температура және күрделі метеорологиялық жағдайларда қысқы кезеңде өткізілуі болып табылады. Ұшақтардың орнығуының алдында шабуыл әуеайлақтарында ұшу-қондыру жолағының дайындығы болды.  Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің қосымша құралдарын, сондай-ақ материалдық құралдар мен авиациялық жою құралдарының қорын автомобильді көлікпен жеткізу.

Бұдан бұрын кеңес уақытында Үшарал және Аягөз әуеайлақтарында МиГ-21 жойғыштарының полктары орналасқанын айта кетейік.  Қазіргі уақытта онда жауынгерлік әзірлік жай-күйде ұстап тұратын авиациялық комендатуралар бар. Жойғыштар мен шабуылдағыштарды қондыруға дейін Үшарал және Аягөз әуеайлақтары тек қана әскери-көліктік авиацияның ұшақтары және тікұшақтарымен қолданылды.

 





Яндекс.Метрика