Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ОҚО-да жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға төмендеді

ОҚО-да жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға төмендеді , деп хабарлады ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Ақпан , 12:34

««Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде 29 инфрақұрылымдық жобаларды құрумен 418 уақытша жұмыс орындары іске асырылды. 2015 жылы шағын несиелендіру есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы жеке ісін ашу үшін 670, жобаларды көздейтін және бизнесті кеңейту үшін 202 адамға қаржыландырылды. Нәтижесінде қосымша 1021 жаңа жұмыс орындары құрылды.2013 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 355,2 мың өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтар экономиканың формальды секторына өткізіліп, жалпы тіркелгендердің саны 606,3 мың адамды құрады», - деді Б.Атамқұлов.

Айта кетейік, 2015 жылға формальды секторға өткізу жоспары 69491 адамды құраған. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 67,4 мың адам немесе 97% -ы формальды секторға өткізілді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика