Білім беру

Б.Атамқұлов: ОҚО-да мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамту 80,5 пайызды құрады

ОҚО-да мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамту 80,5 пайызды құрайды, деді ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов ОКҚ-дағы брифингте.
Астана қаласы23 Ақпан , 12:21

«3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту қамту (2015 ж. – 80,5%);2011 жылы 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту– 40,1%  - ал  2015 ж.   – 46,9%.Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде мемлекеттік тапсырыспен білім алушылардың кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өту үлесі 2015 ж. – 100%», - деді Б.Атамқұлов.

Әкім айтып өткендей, 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 46,9 %, 3-6 жастағы балаларды қамту– 80,5 %.

Оның айтуынша, 2015  жылы 17 балабақша құрылысы салынып, пайдалануға берілді.Үш тілді білім беру 8 білім беру ұйымдарында енгізілген.28 колледжде дуальды оқытудың элементтері ендірілді.  Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен 100% қамтылған.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика