Үкімет

Е.Досаев: 2016 жылы бір баррельдің бағасы 30 доллар болған жағдайда ЖІӨ-нің өсімі 0,5% құрайды

ҚР Үкіметінде 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа болжамын бекітті. Болжамға сәйкес, ағымдағы жылы бір баррельдің бағасы 30 доллар болған жағдайда ЖІӨ-нің өсімі 0,5% құрайды. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет аясында журналистерге хабарлады.
Астана қаласы23 Ақпан , 12:17

«ҚР Үкіметінде 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа болжамын бекітті. Келесі параметрлерге өзгерістер енгізілді: есеп айырысу мөлшерлемесі өзгергіш, бұрындары қараша айында бекітілген 300 теңгеден 360 теңгеге дейін, орташа жылдық мұнай бағасын өзгертеміз - біз халықаралық қаржы институттарының болжамына сәйкес төмендетудеміз, бір баррель үшін 40 доллардан 30 долларға дейін инвестициялық банктер»,-деді министр.

Е.Досаевтың айтуынша, болжамға орай, бір баррельдің бағасы 30 доллар болған жағдайда ЖІӨ-нің өсімі 0,5% құрайды

 «Осыған орай, біз болжамды өзгертеміз. Экономиканың өсуіне орай, егер 40 доллар кезінде ЖІӨ-нің өсімі 2,1 % болып болжанса, осы жылы 30 доллар бағасында ЖІӨ-нің өсімі 0,5 % құрайды деп болжаймыз»,-деді Е.Досаев.




Яндекс.Метрика