Халықаралық интеграция

Венада Қазақстан мен Австрия арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды

2016 ж. 22 ақпан айында Австрияға ҚР СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашев іс-сапармен барды. Сапар барысында Австрияның СІМ бас хатшысы Михаэль Линхартоммен және Австрияның Сыртқы істер министрлігінің кадр бөлімінің бастығы М. Циммерманмен келіссөз жүргізілді.
Әлемде23 Ақпан , 16:39

ҚР СІМ хабарлауынша, келіссөз барысында екі ел арасындағы екі жақты және көпжақты форматы ынтымақтастықтың мәселелері,өзекті халықаралық мәселелер,  оның ішінде көбінесе БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО форматы аясындағы ынтымақтастықты дамыту - Орталық Азия талқыланды.

«Екі жақты қарым-қатынас мәнмәтінінде Қазақстан мен Австрия арасындағы визалық режимді жеңілдету және әуе көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыланды. Австриялықтардың тарапы оқыту саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді және  оның ішінде халықаралық ұйымдарға және шетелдік мекемелерге ақпараттық қызметпен қамтамасыз етеді»,-деп хабарландыруда айтылған.

Сонынмен қатар, жаңартылатын энергия саласындағы Австрияның  бай тәжірибесіне орай, Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне австриялық  басшылар қатысуға қызығушылқтарын растады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика