Басқару

Т.Охлопкова: Қазақстандағы сайлау әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын арттыруда

Қазақстандағы сайлау әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын арттыруда, деді Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Астана қаласы23 Ақпан , 11:46

Брифинг барысында ҚР ОСК мүшесі Т. Охлопкова: «Сайлауды байқау сайлауға деген ұлттық және халықаралық сенімді нығайтуға ықпал ететінін ескере отырып, Қазақстан өз міндеттерін орындай отырып, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байқаушылар институтын ашты» деп атап өтті.

“Сайлау туралы заңға сәйкес халықаралық байқаушылар Сыртқы істер министрінің немесе ҚР ОСК Төрағасының ресми шақыруы бойынша, сондай-ақ Ортсайлауком берген халықаралық байқаушының аккредиттелгені туралы куәлік болған кезде сайлауды байқауды жүзеге асырады. Шетелдік БАҚ өкілдері ҚР СІМ-нің акредиттеу туралы куәлігі болған кезде байқауды жүзеге асыра алады.   Халықаралық байқаушылардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету  оларды жіберген шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен немесе байқаушының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Аталған ереже халықаралық құжаттарда көрсетілген”, - деді Т.Охлопкова.

Айта кетейік, Қазақстанда 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауы бекітілген.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика