Өңірлер

БҚО Бұрлы ауданында шағын несиені қолдау жобасы жүзеге аса бастады

БҚО Бұрлы ауданында шағын несиені қолдау бағытына арналған жоба жүзеге аса бастады, деп хабарлайды «Қазагро» холдингі.
Батыс Қазақстан23 Ақпан , 20:43

Жоба аясында шағын несие ұйымдары арқылы БҚО Бұрлы ауданы халқының тұрмысын жақсарту үшін жасалып жатқан жағдайлар аз емес. Әсіресе жастар мен әйелдердің кәсіпкерлермен жұмыс істеу әлеуетін күшейтуге баса назар аударылып отыр. «Би Джи» компаниясының қаржыландыруымен ШҚҰ өкілдеріне қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысатын скрининг және оқыту тренингтерін өткізу жоспарлануда. 

ШҚҰ өкілдері аталмыш оқу-тренингінен өткеннен кейін Қырғызстанға тағлымдамадан өтуге жіберіледі. Посткеңестік республикалардың ішінде Қырғызстанның шағын қаржы секторы әлдеқайда дамыған. 

Айта кету керек, жоғары нәтиже көрсеткен шағын несие ұйымдары ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етіледі және 50 мың доллар көлемінде грант беріледі. 
Бүгінгі таңда жобаға 5 қатысушы тіркелген. «Орал» ШҚҰ» ЖШС, «Теректа-Финанс» ШҚҰ», «Кәсіпкер-Бірлік» ШҚҰ» ЖШС, «Казына кредит» ШҚҰ» ЖШС және «Жаңаотау» ШҚҰ» ЖШС-і. 




Яндекс.Метрика