Су ресурстарына арналған жаңа саясат

ОҚО-да 2020 жылға қарай қалалар мен ауылдар жаппай орталықтандырылған сумен қамтылады

ОҚО-да 2020 жылға қарай қалалар мен ауылдар жаппай орталықтандырылған сумен қамтылады, деді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов ОКҚ-да.
Астана қаласы23 Ақпан , 11:35

«2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына облыстың орталықтандырылған  сумен қамтылу жағдайы келесідей: Қалаларда - 91,7 % (1143,9 мың.адам); Ауылдық елді мекендерде - 71,1 % (596 е.м.) құрап отыр.Жоспар: 2016-2020 жылдары қалаларда қамтылу деңгейін: Сумен жабдықтау бойынша - 100  %-ға  (1247,4 мың адам); Су бұру бойынша - 52,9 %-ға (573,8 мың адам)», - деді Б.Атамқұлов.

Ауылдық елді мекендерде;Сумен жабдықтау бойынша – 81,6  %-ға  (672 е.м.);Су бұру бойынша – 5,0  %-ға (15 е.м.) жеткізу жоспарлануда.

«ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына сәйкесоблыс бойынша 839ауылдық(1551,599 мың адам, 55,3 %) және 8 қалалық (1261,957 мың адам, 44,7 %)  елді мекендерді ауыз су және су бұрумен  қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда», -деді әкім.

2015 жылы су құбыры мүлдем жоқ 9 елді мекендегі 10,1 мың тұрғынға 75,2 шақырым жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, 6 елді мекендегі 85,2 мың тұрғынның 587,7 шақырым тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды.

«Нәтижесінде,  2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына, облыстың сумен қамтылу жағдайы: Қалаларда  91,7 %-ға (1156,9 мың.адам);Ауылдық елді мекендерде 71,1 %-ға (596 е.м.) құрады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика