Инвестициялар

2015 жылы ОҚО-да 416 млрд теңге инвестиция тартылды

2015 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысында 416 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұлов мәлiмдедi.
Астана қаласы23 Ақпан , 11:32

«Инвестициялар тарту мәселесiне келсек, 2015 жылдың қорытындысы бойынша негiзгi капиталға тартылған инвестиция 416 млрд теңгенi құрады. Бұл орайда, оның 61,2%-ы шағын және орта бизнес саласымен тартылған және бұл 254,8 млрд теңгенi құрайды», - дедi ол.

Б.Атамқұлов дағдарыс уақытында экономиканың тұрақтылығы ШОБ субъектiлерiмен қамтамасыз етiлiп отырғанын тәжiрибе көрсетiп отырғанын айтып өттi.

«Осыған байланысты бiз ШОБ жобаларын дамытуға зейiн қойып, әрбiр қалада индустриялды аймақтар құруға басымдық берiп келемiз. Бүгiнгi күнi облыста 11 арнайы экономикалық аймақ құрылса, онда 151 жоба белгiленiп отыр. Бұл жобаларға 163 млрд теңге инвестиция тартылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Өңiрдегi алғашқы «Оңтүстiк» АЭА инфрақұрылымына жұмсалған бюджеттiк 6,8 млрд теңгенiң 65%-ы бүгiнгi күнi бюджетке қайтарылды», - дедi облыс әкiмi.

 

 




Яндекс.Метрика