Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Б.Атамқұлов: 2016 жылы ОҚО-да ИИДМБ-нің 22 жобасы 32,5 млрд теңгеге жүзеге асырылады

2016 жылы ОҚО-да ИИДМБ-нің 22 жобасы 32,5 млрд теңгеге жүзеге асырылады, деді ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов.
Астана қаласы23 Ақпан , 11:14

«Екінші бесжылдықтың шеңберінде 2015 жылы жалпы инвестиция көлемі 44,6 млрд. теңгеқұрайтын 27 жоба іске қосылды және 2608 жұмыс орны ашылды», - деді ол.

«ОҚО аумағында 7 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы қосымша 5 индустриялық аймақтың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда құны 71,5 млрд.тг. құрайтын және 5 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуымен 79 жоба іске асырылуда, Олардың қатарында

12 іске қосылып, 13,8 млрд.теңге инвестиция тартылды және 815 жұмыс орны құрылды», - деді ол.

Оның айтуынша, бірінші бес жылдықты іске асыру барысында құны 183,9 млрд. теңге құрайтын 137 жоба іске қосылып, 11,2 мың жұмыс орны құрылды.

«Екінші бес жылдық аясында индустрияландыру картасына  құны        869 млрд. теңге, 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 115 жоба еңгізілді.2015 жылы жалпы 44,6 млрд. теңге құрайтын 27 жоба іске қосылып 2608 жұмыс орны құрылған. Бүгінгі таңда жобалар өнім шығаруда», - деді Б.Атамқұлов.

 

 




Яндекс.Метрика