Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Қазақстан темір жолы» Солтүстік Қазақстан облысы зауыттарына тапсырысты ұлғайтады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» президенті Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барғанда «ЗИКСТО» зауытын аралады, деп хабарлады Ұлттық компания.
Солтүстік Қазақстан23 Ақпан , 19:38

Бұл кәсіпорын 1993 жылдан бері теміржол өнімдері: жартылай ашық жүк вагондарын, астық вагондарын, платформаларды шығарады.

А.Маминнің айтуынша, еліміздегі вагон паркін жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде,  вагон жасаушыларды қолдауға барлығы 17,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оның негізгі бөлігін ҚТЖ «ЗИКСТО» зауытына орналастыруды жоспарлады.

2015 жыл қорытындысы бойынша кәсіпорынның өнім көлемі артты. «ЗИКСТО» зауытының бас директоры Валерий Спициннің айтуынша, өнім көлемін одан да арттыруға мүмкіндік бар.

Оның айтуынша, кәсіпорын жылжымалы құрамның жаңа түрі – вагон платформасының дара бөлігі түрін жасауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жүк көлемін көбірек тиеуге келетін жартылай ашық вагон түрін жасау мәселесі талқылануда.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е. Сұлтанов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А. Мамин басқа да кәсіпорындарды аралап, темір жол көлігіне қажетті жинақтарды, қосалқы бөлшектерді, қондырғылар мен агрегаттардың көрмесімен танысты.

Петропавлдың ауыр машина жасау зауыты он жылдан бері ҚТЖ-мен серіктестік орнатқан. Өткен жылы 700 миллион теңгенің тапсырысын орындады. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Қуаныш Бишімовтің айтуынша, үстіміздегі жылы тапсырыс көлемін екі есеге өсірмек.

 




Яндекс.Метрика