Өңірлер

Маңғыстау ауылында БЖК аясында бірінші медициналық орталық ашылды

Маңғыстау ауылында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бірінші медицианлық орталық ашылды, деп «Даму» қоры хабарлайды.
Маңғыстау24 Ақпан , 09:13

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылында бірде-бір дәріхана, ехмана болған емес. Тұрғындар дәрі-дәрмек пен медициналық көмек алу үшін қалаға баруға міндеттті болды. Ауылдың тұрғыны Зоя Букаеваның арқасында Маңғыстауда дәріханасы бар алғашқы медициналық орталық ашылды.

З. Букаева ІІМ медиициналық қызметінде көп уақыт қызмет етті, ол-тәжірибелі массажист. Туған ауылында медициналық қызметтің жағдайын көріп, орталық ашуға бел буды. Ол жерде ауыл тұрғындары массаж, кеңестер мен процедуралар алып отырады.

З.Букаеваның өз қаражаты болмағандықтан, банкке несие алуға өтініш білдіріп, оны мақұлдады. Ал «Даму» қорында  кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлеме құралдың субсидиялар артықшылығын ұсынды. Сондай-ақ, қор кепілгер ретінде болып,  жетіспеушілік жағынан қамтамасыз етті. 




Яндекс.Метрика