Ұлттың денсаулығы

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ФОТО)

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Қарулы Күштерінің қызметкері Дәулет Ниязбеков 61 келіге дейінгі салмақта еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 23 Ақпан, 11:06

Таиландтың бас шаһары Бангкокта күрестің үш түрі, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен чемпионат өтуде.  Еркін күрестен сайысуда шешуші белдесуде армия спортшысы Дәулет Ниязбеков 10:0 есебімен Иран спортшысы Бехнам Еxсанпурды ойсырата жеңді. 

Дәулет Ниязбеков Азия чемпионы болып екінші мәрте атанып отырғанын, яғни,  дәл осы дәрежеге 2015 жылы ие болғанын айта кетейік. «Қазіргі сәтте менің басты мақсатым – еркін күрестен әлем чемпионы атану. Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көріну үшін мен барлық ауқымды жарыстарға қатысуға тырысамын», - деп өткізілген белдесуден кейін спортшы ойымен бөлісті.

Бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубында әлемдік турнирлерде өздерінің көптеген жеңістерімен қазақстандық спорттың деңгейін асқақтатып жүрген дарынды спортшылар қызмет етіп жүргенін естеріңізге сала кетейік.  Әскери сарапшылар жауынгерлік даярлық нәтижесінің 70 пайызы жауынгерлердің дене шынықтыруына байланысты екенін әлдеқашан мойындап қойған. Шын мәнінде дене даярлығы жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігінің негізі болып табылады. 

Армия спортшылары Олимпиадалық және Азия ойындарына, әлем чемпионаттары мен әртүрлі континентальді біріншіліктерге қатыса отырып, Қарулы Күштердің имиджін нығайтуға елеулі үлес қосуда.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика