G-global

Қызылорда облысының әкімдігі мен G-GLOBAL халықаралық хатшылығы «жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі

Қызылорда облысы мен G-Global Халықаралық хатшылығы арасындағы келісім негізінде ортақ жобаларды жүзеге асыру көзделген.
Қызылорда23 Ақпан , 10:49

Облыс әкімдігі хабарлағандай, негізгі бағыт жасыл экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен өңірге инвестиция тарту. Инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау. 

«G-Global – Елбасының бастамасымен құрылған ұйым. Оның негізгі мақсаты халықаралық проблемаларды талқылап, оны шешу жолдарын қарастыру. Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы сияқты ауқымды шараларды өткізуге атсалысқан. Сондықтан бүгінгі меморандум аясында біз де G-Global Халықаралық хатшылығымен бірлесіп, ортақ жобаларды жүзеге асырамыз деп сенемін», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 

«Қызылорда облысында атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды көріп, қуанып отырмын. Екіжақты меморандумды жүзеге асыру үшін арнайы Жол картасы қабылданатын болады. Яғни, бірлесіп атқаратын жұмысымызды айқындап аламыз. Негізгі мақсатымыз – Сыр өңіріне инвестиция тарту, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау», - дейді G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков. 

 




Яндекс.Метрика