Ұлттың денсаулығы

«Саламатты Қазақстан» пойызы Жеңіс бекетінің тұрғындарын тексерістен өткізеді (ФОТО)

«Саламатты Қазақстан» консультативті – диагностикалық медициналық пойызы кесте бойынша Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жеңіс ауылына ат басын тіреді, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 23 Ақпан, 10:34

2016 жылдың 16 және 19 ақпан аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.  

Бүгінгі күні барлығы  353 адам, оның ішінде 235 бала тексерілді.  Дәрігерлік қаралудан 1792 адам өтті. 4295 диагностикалық процеруда жүргізілді (302 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 364 бас миының  эхоэнцефалография және ультрадыбыстық  допплерографиясы, 179 электрокардиография, 101 көздің ішкі қысымын өлшеу, 213 рентгенологиялық зерттеу, 33 эндоскопия, 3103 клиникалық-биохимиялық анализ), 26 кіші емханалық ота жасалды.

“Маммолог дәрігерден 134 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 163 тұрғынға көрсетілді. Пойыз мамандары 171 ауруды тіркеген, оның ішінде 20 бала бар. Жаңадан пайда болған  1 дерт анықталған”, - делінген хабарламада.  

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде пойыздардың дайындығына белсене түрде атсалысты. Азаматтық қорғау қызметкерлері эвакуациялау  жолдарының жай-күйіне, баспақы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше көңіл бөле отырып, объектілердің және іс-шаралар өткізу орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, пойыз мамандарымен түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілді. Темір жол станцияларының аумағында инженерлік-инспекторлық құрамның және авариялық-құтқару қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. 

15 ақпан күні шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» пойызына старт берілді. Ағымдағы жылдың алғашқы сапарында медициналық пойыздың дәрігерлері Қарағанды облысының 19 бекетін қамтуды көздеп отыр. «Дөңгелекті поликлиника» барлық қажетті диагностикалық аппаратура мен 18-ден аса дәрігерлік мамандық иегерлері жиналған жоғары кәсіби  медициналық кадрлармен қамтылған.  Оған қоса, мамандар біліктілігі бірінші санаттан кем емес дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлермен қамтылған. 





Яндекс.Метрика