Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Неміс компаниясы Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар нысандарын жекешелендіруге ниетті

Қазақстан экономикасына ең ірі неміс инвесторларды тарту мақсатында ҚР елшілігі ГФР-да Болат Нүсіпов «DMT GmbH & Co. KG» басқарушы директоры- «TÜV Nord» Неміс компаниясының еншісіндегі Ульрихом Руппелмен кездесу өткізді, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде23 Ақпан , 10:18

Кездесу барысында елшілік ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын, Ұлт жоспары «100 нақты қадам», сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асырудағы нысаналы индикаторлармен таныстырды. Б.Нүсіпов жекешелендіру жаңа кезеңді іске асыруда  экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталғандығын айтып өтті. Жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыру шеңберінде негізгі міндеттер капиталды арттыру мен ЭЫДҰ елдерінің дәрежесіне дейін мүліктік  мемлекеттік үлесті азайту.

У.Руппер Қазақстанда жүргізіліп жатқан жекешелендіру аясында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері қызығушылық білдірді және Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу саласындағы объектілердің бірқатар жекешелендіруге қатысуға компанияның жоспарлары туралы әңгімеледі, сонымен қатар мұнай салысында, газ өңдеу өнеркәсібінде. ҚР мен ГФР арасында шикізат шеңберінде технологиялық және өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы компаниялардың жобалары келісімге ұсынылды. Осыған орай, компания басшылығы қазақстандықтармен бірлескен нақты жобаларды талқылау үшін Қазақстанға келуге ниетті.

Естерінізге сала кетейік, DMT GmbH & Co. KG тәуелсіз инженерлік және инвестициялық компания болып табылады. «TÜVNord» компанияның тобына кіреді және барлық әлем бойынша жұмыс істейді. Ол тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, азаматтық құрылыс және инфрақұрылым, нынандардың қауіпсіздігі, өнімдерді тестілеу, өндіру және кокс өнеркәсібінде өлшеу технологиясының қызметін атқарады.




Яндекс.Метрика