Қалаларға шоғырлану

Алматыда мемлекеттік сатып алуды және жұмыс пен қызмет көрсетуді 70% деңгейінде қамту жоспарлануда

Алматыда құрылыс саласына қатысты отандық тауарөндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын жергілікті қамту мәселесі бойынша кезекті комиссия отырысы өтті. Аталмыш іс-шараға қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, құрылыс басқармасы, құрылыс ұйымдары мен тауарөндірушілер қатысты.
Алматы қаласы23 Ақпан , 09:43

Жергілікті билікпен арадағы кездесудің қорытындысы бойынша, туарөндірушілер мен құрылыс ұйымдары тауар сатып алуда қазақстандық қамту арқылы жұмыс және қызмет көрсетуді арттыру келісіміне қол жеткізілді.

Құрылыс басқармасының келісімі бойынша 2015 жылы қазақстандық қамту деңгейі 53%-ды құраған болса, биыл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 
Атап өту керек, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалада 25 балабақша, 4 мектеп, 1 емхананың құрылысы жүргізілді. Бұлардың қатарындағы 12 балабақша мен 2 мектеп және 1 емхана биыл пайдалануға берілмек. 

«Тұрғын үй құрылысына инвестицияланған 142,8 млрд. теңгенің 22,1 млрд. теңгесі мемлекеттік бюджеттің қаражаты. Жеке инвестиция көлемі 120,7 млрд. теңгені құраған. Сондықтан, жергілікті тауарөндірушілерге жекеменшік капитал есебінен жүргізіліп жатқан құрылыс жобаларына көңіл аударулары керектігі ұсынылды»,-делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика