Евразиялық экономикалық кеңістік

К.Мәсімов пен Д.Медведев Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының мәселелерін талқылады

Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде22 Ақпан , 20:01

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастың, оның ішінде қаржылық, көлік-транзиттік, мұнай-газ және энергетикалық салалардағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы әріптестіктің ағымдағы және болашақтағы дамуының мәселелерін қарады. 

Кездесу қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары екіжақты және көпжақты тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға пікір білдірді.




Яндекс.Метрика